|
АҚШ, Америка Құрама Штаттары (ағылшынша: The United States of America, USA) — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар
Тарихы
16 ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы – үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге – резервацияларға ығыстырылды.
17 ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды – отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет – Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.
1776 - АҚШ тәуелсіз декларациясы жариялды
1812-1815 – АҚШ-Ұлыбритания соғысы
1819 – АҚШ Флорида штатын 5 млн. долларға сатып алады.
1846-1849 – АҚШ-Мексика соғысы
1861-1865 – АҚШ-ның азамат соғысы
1867 – Ресейден Аляска штатын сатып алады
1917 – АҚШ Бірінші Дүниежүзілік Соғысына кіріп, Антанта одағына қосылады
1941 – Перл-Харбор инциденті. АҚШ Екінші Дүниежүзілік соғысна кіреді
1945 – Хиросима мен Нагасаки аттомдық шабуылы
1950-1953 – Корея соғысы
1962 - Кариб дағдарысы.
1964-1973 – Вьетнам соғысы
1969 – Ғарышкер Армстроң, Нил Олден айға қонады
1991 – Бірінші Ирак соғысы
2001 – 11 қыркүйектің трагедиясы
2003 – Екінші Ирак соғысы
Саясаты
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
- Заң шығарушы: АҚШ Парламенті – Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
- Атқарушы: АҚШ Президенті – мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
- Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы – 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы – 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.
Әкімшілік құрылысы
Мейрамдар
|
The Anglosphere |
Dark blue: Countries and territories where English is the official, de facto official or primary national language.
Light blue: countries where English is an official language but not primary. English is also one of the official languages of the European Union. Click on the coloured regions to get to the related article:
|
|
|
|
Дәйексөз алу <ref> tags exist, but no <references/> tag was found қатесі
Questions for article: 1812-1815 – АҚШ-Ұлыбритания соғысы, АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ, Америка Құрама Штаттары, Америка Құрама штаттары, Америка құрама штаттары, Американың туы, АҚШ-тың тарихы, АҚШ-тың туы, БАРАК ОБАМАНЫҢ САЯСАТЫ, Бірінші дүниежүзілік соғыстағы АҚШ, Дж.Кеннеди АҚШ президенті
|